Қытай–Қырғызстан–Өзбекстан арасын жалғайтын теміржол салынуы мүмкін. Құрылысының болжамды бағыты жақында Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің жиналысында талқыланды. Аталған елдің көлік және коммуникация министрі Еркінбек Осоев «Торугарт – Макмал — Жалал-Абад» бағыты бойынша темір жол магистралін салу мәселелері бойынша ақпарат ұсынды.
Жобаның тиісті техникалық-экономикалық негіздемесі биыл желтоқсанда дайын болады. Ол үшін бейінді мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуі қажет.
Шынар Оразова