«Қызылордалық прокурордың әйелі» жазаға тартылды

30

Шымкент қаласы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот дөрекілік танытқан әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде «Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшіге дөрекілік танытты» деген ақпарат тараған болатын.

Аталған жайт бойынша 19.07.2022 жылы Шымкент ҚПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына күзет қызметкерінен 15 шілде күні сағат 14.00 шамасында » ЖШС” ғимаратында жас әйел күзетшілерге қатысты дөрекі сөздер айтып балағаттағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазған.
Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол 1984 жылы туылған, бұрын ажырасқан жергілікті тұрғын екені белгілі болды.
Тәртіп сақшылары аталған жайтқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, материалдарды сотқа жолдады.
Бүгін сот өз шешімін шығарды: құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, кешірім сұрағанын назарға ала отырып, сондай-ақ оның асырауында үш жас бала бар екенін айтып, оны 5 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты.
QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі