Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. С. ҚК-нің 139-бабымен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) айыпталған.
Сотталушыға қатысты 2014 жылғы сот бұйрығы негізінде талап қоюшы Ш.-ның пайдасына кәмелет жасына толмаған 2 балаларын асырап, күтіп бағу үшін, кәмелетке жасына толғанға дейін ай сайын табысының немесе өзге де кірісінің 1/3 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген.
Осы сот бұйрығы негізінде, 2014 жылы жеке сот орындаушымен атқарушылық іс қозғалған. Сот актісін орындамауына байланысты, 2020 жылы Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 2023 жылы ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен әкімшілік айыппұл тағылған.
Жеке сот орындаушының қаулысымен сотталушының алимент бойынша жалпы берешек қарызы 5 млн теңгеге жуық құраған. Алимент бойынша берешегін өтеу туралы бірнеше рет хабарланғанына қарамастан, алимент төлеу міндеттерін орындамаған. Сотталушының кінәсі іс-құжаттарымен қоса өзінің берген түсінігімен, жеке сот орындаушының ұсынысымен және тағы басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденген.
Прокурор сотталушыға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленуші сотталушыға кешірім бермейтінін және жаза тағайындауды соттың құзырына қалдырды. Сотталушы тағылған айыпты мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін толық мойындап, өкініш білдіргенін ескерді, ал жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сот, С.-ны ҚК-нің 139-бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.







