Түркістан облысының Мақтаарал аудандық сотында пробациялық бақылауда жүрген А.-ға қатысты ұсыныс қаралды. А. 2022 жылы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3) тармағымен яғни ұрлық жасағаны үшін 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотты болған.
Алайда А. өзіне тиісті қорытынды шығармай, пробациялық бақылауда жүрген кезде, спирттік ішімдікке әуестігі, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталып, сонымен қатар тексеру кезінде тұрғылықты мекен-жайында болмағаны, электронды бақылау құрылғысын қиып, шешіп, тұрғылықты мекен-жайынан кетіп қалғаны анықталды.
Жедел іздестурі нәтижесінде жазасын өтеуші А. басқа қалада ұсталған.
Прокурор – ұсынысты қанағаттандырып, А.ны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруды сұрады. А. бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Сот, тараптарды тыңдап, ұсынысқа тіркелген құжаттарды зерттеп, А. үкімде көрсетілген шарттарды қаскөйлікпен өрескел бұзғаны яғни, алдын А.-ға қолданылған шектеу түріндегі жазасы бас бостандығынан айыру түріне ауысқанын, 2025 жылдың басында шектеу жазасына қайта ауыстырылып бостандыққа шыққанын, осы аралықта оған 3 рет ескерту берілгенін ескеріп. 16 қараша 2025 жылы сот қаулысымен:
А. – шартты түрде жазасының өтелмеген 5 ай 24 күні бас бостандығынан айыру түріне ауыстырылды.







