Шымкентте 90 жаңа нысан салынып жатыр

19

Биыл Шымкентте жаңа 90 нысанның құрылысы басталды. Ол үшін бюджеттен 56,8 млрд. теңге бөлінген. Қаламызда салынып жатқан құрылыс нысандарының ішінде тұрғын үй, мектеп, колледж бен мәдени орындар да бар.

Үшінші мегаполисте аумағы 18 гектарды қамтитан жаңа саябақ салынады. Одан бөлек Шымкент қаласы алдағы уақытта тағы 89 жаңа нысанмен толықпақ. Ол үшін бюджеттен 56,8 млрд теңге бөлінген. Мысалы биыл, Тұран шағынауданында 31 кредиттік және 20 арендалық тұрғын үй халық игілігіне беріледі.

Әбілсейіт Рабаев, Шымкент қаласының құрылыс басқарма басшысы: «Ағымдағы жылы Шымкент қаласы Құрылыс басқармасында 90 нысан белгіленген. Соның ішінде әрине тұрғын үй құрылысы. Шымкент республикалық қала дәрежесін алғалы бері тұрғын үйге сұраныс көбейе түсті. Сондықтан да биыл 51 үй 2972 пәтер салынуда және жылдың аяғында пайдаланысқа беру жоспарланып отыр».

Қалалық құрылыс басқармасы негізгі құрылыс нысандарының тапсырыс берушісі болып табылады. Сондықтан мемлекеттік мекемелердің құрылысын жүргізу аталған мекеме құзырына кіреді. Биыл 5 мектеп, 1 колледж бен балалар шығармашылық орталығы пайдалануға берілмек. Басқарма басшысының айтуынша қабылданған құрылыс нысандарынан ақау шыққан жағдайда оны қалыпқа келтіру 5 жылға дейін мердігер компанияның міндетінде болады.

Әбілсейіт Рабаев, Шымкент қаласының құрылыс басқарма басшысы: «Біз өз тарапымыздан ақау шықса мердігер компанияға шарт бойынша өз тетіктерімізді пайдаланамыз. 5 жылдық кепілдеме. Біздің өкіл осы кепіл бойынша ең көп уақыт алған. Басқа өңірлерде тек 2 жылдан басталады, біздің 5 жыл деп алуымыз яғни мердігер 5 жыл бойы құрылыс ақауларын өз мойнына алып, өзі жояды деген сөз».

Сондай-ақ қазіргі таңда әлеуметтік нысандар бойынша 13 объектінің құрылыс жұмысы жүргізіліп жатыр. Соның ішінде 1 спорттық алаң, саябақ және өрт сөндіру депосының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Әсел Мәлік