Шымкентте санитарлық талапқа сай келмейтін 35 өнім анықталды

48

Шымкентте санитарлық талапқа сай келмейтін 35 өнім анықталды. Олардың қатарында отандық өнімдермен қатар импорттық тауарлар да бар. Қазіргі таңда сәйкессіздіктер анықталған энергетикалық сусын, консервіленген жеміс-жидек және май өнімдері секілді 66,7 кг тауар түрі сатылымнан шығарылды.

Үшінші мегаполисте санитарлық талапқа сәйкес келмейтін 35 өнім анықталды. Сәйкессіздік анықталған өнімнің 91,4%-ы импорттық болса, қалған 8,5% –ы отандық өндірушілердің тауары. Бүгінде анықталған 66,7 кг өнім, нақтырақ айтқанда энергетикалық сусындар, консервіленген жеміс-жидек және май өнімдері сатылымнан шығарылды дейді мамандар.

Жанар Құдаярова, Шымкентқ., СЭБД техникалық регламент талаптарын сақтауды бақылау бөлімінің бас маманы: «Өнім қауәпсіздігіне мониториг жүргізу барысында 2022 жылдың 6 ай көлемінде сауда нысандарынан 1441 өнім сынамалары іріктеп сатып алынып, сараптамалық ортылығына зертханалық зерттеу мақсатында тапсырылды. Сатып алынған сынамалардың ішінде отандық өнім өндірушілер 16,3%, Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің өнімдері – 64,8%, басқа мемлекеттердің өнімдері — 18,8%. Осы 1441 сынама ішінде 61,8 пайыз тағам өнімдеріне тиесілі болса, тағам емес өнімдер 38 пайызды құрайды».

Сондай-ақ, санэпидемиологиялық сараптама барысында құс еті өнімінің 1 түрі, аспаздық өнімнің 2 сынамасында микробиологиялық көрсеткіш бойынша бұзушылық анықталған. Ал импорттық энергетикалық сусынның 3 түрінде адам денсаулығына қауіпті консервант, нақтырақ айтқанда натрий бензонатының мөлшерден тыс қосылғандығы анықталыпты.

Жанар Құдаярова, Шымкентқ., СЭБД техникалық регламент талаптарын сақтауды бақылау бөлімінің бас маманы: «Шымкент қаласы тұрғындарына айта кететініміз, дүкеннен кез келген өнімді сатып аларда оның сыртқы түріне, қорабына, дайындалу уақытына, шыққан жеріне, сақталу жағдайына, құрамындағы компоненттеріне және өздеріңізге қажетті ақпараттарға аса назар аударғкан жөн».

Қазіргі таңда, бұзушылық анықталған өнімдер сериясы дүкен сөрелерінен алынып, кәсіпкерлік субъектілеріне ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабы 1-тармағына сәйкес айыппұл салынды.

Гүлдана Дәурен