Азаматтар банктерден 350 млрд. теңге кредит алған

68

Қазақстандықтар осы күнге дейін банктерден 6,6 трлн. теңге тұтынушылық несие алған. Бірінші тоқсанда бұл сан 6,3 трлн болса, кейінгі үш айда қарыз көлемі 350 млрд. теңге немесе 5,6 пайызға артқан.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының дерегіне сәйкес, азаматтар несиені көбіне тұрмыстық техника, смартфон, саяхат жасау үшін туристік пакет, әуе билеттеріне алады. Сондай-ақ тұрғын үй мен көлік жөндеу үшін заем алушылар басым.

Елде қарыз көбейді ме, әлде тұрғындардың төлем қабілеті жоғарылады ма? деген сауалға сарапшылар азаматтардың қаржылық сауатсыздығын арттыру керек десе, ал тұтынушылар құқықтарын қорғайтын мекеме несие алушы мен заем берушінің жауапкершілігіне қатаңдату қажеттігін айтады.

Шынар Оразова