Нарықта ет бағасы қымбаттауы мүмкін

27

Елде ет бағасы қымбаттауы мүмкін. Осылай деген Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ет құнының болжамына қатысты бірнеше факторды ескеру керегін айтты. Алдымен мал басына байланысты. Ірі қара, ұсақ малдың өңделген етінің экспорт 35%-ке өсті. Әрі еттің қымбаттауына мал азығы мен жол шығынының артуы әсер етуі мүмкін.

Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда азық-түлік бағасы 16 пайызға көтерілген. Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, қаңтарда сиыр етінің орташа бағасы 2236 теңге болса, қазір өнім 2333 теңгеге дейін қымбаттаған. Ал қой еті 2400 теңгеден 2600 теңгеге дейін өсті. Жылқы етінің ел бойынша орташа бағасы 2800 теңгеден асады.

“Мал шаруашылығында да өзінің шығындары болады. Сатып алатын жанар-жағармайдан бастап, негізгі керекті заттардың бәрі өсіп жатыр. Сол себептен біршама өсу болуы мүмкін»,-дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министр Ербол Қарашөкеев.