Сарапшылар: «Баспана бағасы алдағы жарты жылда қымбаттайды»

108

Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары баспана  бағасы келер жылы жазға дейін қымбаттап, кейін тұрақталады деген болжам жасауда. Айтуларынша, 2022-нің ортасында пәтерлерге сұраныс едәуір азаяды.

Өйткені, сол уақытқа дейін жұрт зейнетақы жинағанын пайдаланып болады. Кейін қордағы ақшасын көбі ала алмайды,- дейді.

Бұған жеткілікті шек көлемінің екі еседей өсуі әсер етпек. Бұл сұраныстың азаюына әкелмек. Десе де, оған дейін баға өсуі мүмкін.

Биыл ол 20-30 пайыздай көтерілгені белгілі. Бұған қордағы қаржының берілуі, сұраныстың артып, құрылыс материалдарының қымбаттауы себеп.

Шынар Оразова