Шығыста шөптің бағасы шарықтап тұр

56

Шығыста биыл жауын өте аз жауды. Тіпті оңтүстік аудандарда ала жаздай бір тамшы тамған жоқ. Шаруалардың айтуынша аймақта қуаңшылықтың кесірінен соңғы үш жылда шабындықтың көбі қурап қалған. Сондықтан малға жем-шөп дайындау оңай болмай тұр.

Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағы мамандар шөп пен мал азығының бағасы тікелей нарыққа тәуелді, деп отыр. Бағаның тұрақты болуына жергілікті жердегі аудан әкімдеріне байланысты. Солар кішкене қадағалап отыруы керек болатын.

Жергілікті әкімдіктер тек қадағалағанымен оларда бағаны реттейтін құзырет жоқ. Жем-шөпке мемлекттен субсидия берілсе ғана баға реттелуі мүмкін. Ал шығыстағы 3 миллионнан астам төрт түлікке қыста тек 1 миллион 900 мың тонна шөп дайындалуы қажет.

Шынар Оразова