Түркістанда 7 ай ішінде жаңадан 15 мың кәсіпкерлік субъектісі құрылып, шағын және орта бизнестің саны 160 мыңға жеттті.
Мамандардың айтуынша кәсіпкерлік жүргізу үшін күнгей өңірде қолайлы бизнес климаты қалыптасқан. Қаржылай қолдау шаралары да қолжетімді . Мәселен, «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлер 17 млрд. теңгеге жеңілдетілген несие пайдаланған.
Айта кетейік, кәсіппен айналысамын деген жанға бағыт-бағдар беру үшін «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының» филиалдары ақысыз қызмет көрсетеді.