ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов құрылыс саласын реформалау және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Заңнамалық түзетулерді енгізу арқылы шағын және орта кәсіптің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтіп, жұмысына салғырт қарайтын жауапсыз мердігерлерді мейлінше шектеу жоспарланып отыр.
«Бұл құрылыс көлемін біркелкі бөлуге, жұмыстың сапасын жақсартып, ашықтықты арттыруға мүмкіндік береді», — дейді жауапты мамандар.