1 жылда жолдардағы кемшілік 3 есеге азайған

45

Шымкентте жол құрылысы барысында кемшіліктер азайған. Бұл туралы Жол активтері ұлттық сапа орталығының директоры брифингте мәлім етті. Ал құрылыстың сапасыз орындалуы техникалық бақылаушылардың жұмысына салғырт қалауынан екен Сондықтан да жыл сайын оларға айыппұлдар салынып, тіпті лицензиясынан да айырған.

Жол активтері ұлттық сапа орталығы директоры жолдардың сапасыз жасалуы техникалық бақылаушылардың салғырттығынан екенін айтады. Сондықтан тексеріс барасында жыл сайын 8-10 техбақылаушыға айыппұл салынып, өрескел ақаулары үшін лицензиясынан айырған.

Мұхтар Дүйсембеков, ҚР ИИДМ «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РКМ Шымкент қалалық филиалының директоры: «Біздің жолда қызметі өте маңызды, бірақ жұмыс істемей жатқан ол мынау техникалық бақылаушылар. Олардың міндетіне кіріспе тексеріс кіреді. Олар құрылыс материалдарын құрылысқа келмей жатып тексеру керек. Құрылыс жүріп жатқан кезде әрбір асфальттың температурасын, катокты тексеру керек. Өкінішке орай бірде-бір тех.бақылаушылар міндетін дұрыс атқарып жатқан жоқ».

Дегенмен 2022 жылы Шымкент қаласында жол құрылысы барысындағы ақаулар саны азайған. 2021 жылы «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» тексеріс жүргізуі кезінде 180 объектіден 307 ақау анықталған болса, биыл 8 айдың көрсеткіші бойынша 198 кемшілік белгілі болды. Тексеріс кезінде көбіне жол жиектемелері, бетонның сапасыз құйылуы мен жолбелгілерінің дұрыс қойылмауы сынды қателіктер орын алған.

Мұхтар Дүйсембеков,ҚР ИИДМ «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РКМ Шымкент қалалық филиалының директоры: «2021 жылы ұлттық сапа орталығына 100 млн ақша бөлінген болатын. 180 нысан болды құрылдыста. Оған 291 рет барып, 307 кемшілік пен ақау анықталды. Биыл да 100 млн ақша бөлінді. 205 нысанға барлық. 198 кемшілік анықталды. Енді қараңыздар 1200, 300, 198 ақаулар азайып жатыр».

Сондай-ақ қаланың ішкі көшелерінде салмағы 20 тоннадан асатын жүк көліктерінің жүруі жолдың сапасына нұқсан келтірген. Себебі қала орталығындағы жолдар тек 13 тонна салмаққа есептеліп салынады екен. Мамандардың сөзінше, бұл саладағы тағы бір маңызды мәселе ол, жол құрылысы мен сапасын зерттеушілер арасындағы кадр тапшылығы. Проблеманы шешу үшін айтулы орталық бүгінде ЖОО студенттерін арнайы практикадан өткізіп, зертханаларда еңбекке баулып жатқан көрінеді.

Әсел Мәлік