Головкин Канелоға тағы да есе жіберді

50
фото news.myseldon.com

Қазақстандықтардың мақтанышына айналған Геннадий Головкин бұл жолы отандастарын қуанта қоймады. ГГГ мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жекте отандасымыз есе жіберді. 12 раундқа созылған бәсекеде Канело тағы да үстем болып, Геннадийден басым түсті.

Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінің басты шоуы бүкіл әлем назарын аударғаны анық. Көпшілік Головкиннен көп үміт күтті.  Алайда үміт ақталмады. 12 раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің шешімі «Канело» Альварестің мерейін асырды. Осылайша, GGG спорттық мансабында екінші рет жеңілді.

Көрермен тарапынан айтылып жатқан түрлі пікірлер көп. «Гена осымен спорттық мансабын аяқтайды», «Әдейі жеңілген сияқты», «Бұрынғы Гена емес. Әдістері өзгерген. Салмақ та, жас та әсер еткен шығар», «Бокстан нокдаун алмаған миллионер боксшы ретінде кетеді Гена», деп пікір жазды жанкүйерлер.

Жекпе-жектен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинге телефон шалып, оған қолдау көрсетті. Мемлекет басшысы Геннадийдың Қазақстанды әлемдік аренада танымал ету үшін зор үлес қосқанын атап өтті.

Дегенмен Гена қазақстандықтар үшін әлемдегі және еліміздегі ең үздік ұлттық чемпион  чемпион болып қала берері сөзсіз.