Сайрамда үш ауысымды мектеп проблемасы шешілді

44

Манкент ауылында «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның қаржыландыруымен салынған 3 бірдей мектептің ашылу салтанаты өтті. Заманауи технологиямен жабдықталған білім ордасы 1 200 оқушыға арналған. Онда лабороториялық сыныптар, спорт алаңы, асхана мен бассейн де бар. Білім алушылар үшін барлық жағдай жасалған білім ұясы расында керемет.

Сайрам ауданында үш ауысымда білім беретін мектеп проблемасы толық шешімін тапты. Мәселенің оңтайлануына инвесторлар есебінен бірнеше білім ошағының бой көтеруі сеп болды. Ал дәл бүгін айтулы өңірде Әль-Фараби, Әлішер Навои және Арафат ана атындағы 3 бірдей жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Инвесторлар қаржысына салынған мектеп базасы толықтай жаңа заманауи технологиялармен жабдықталған. 1 200 орынға шақталған мектептің ашылу салтанатына Сайрам ауданының әкімі қатысты.

Ұласбек Сәдібеков, Сайрам ауданының әкімі: «Ауданымызда 2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа 5822 бала мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Аудан бойынша 64 600 оқушы бар. Бұл өткен жылмен салыстарғанда 2500-ге артық. Сондықтан да мектептер салу өте маңызды. қазіргі инвесторлар тарапынан осындаймектептер салу мәселесі жолға қойылды».

Биыл Сайрам ауданында 5 822 оқушы мектеп табылдырығын аттады. Ал бүгін ашылған Ал-фараби атындағы білім ұясының жеті бірдей бірнші сыныбына 170 оқушы барды.

Нұрсұлу Қыпшақ, 1 сынып оқушысы: «Біз мектепке барамыз. Үлгілі оқушы боламыз. Сабақты жақсы оқып, кілең бестік аламыз».

Ақпан айында құрылысы басталған 6 мектептің төртеуі 1 қыркүйек білім күні қарсаңында пайдалануға берілді. Олар қазақ, орыс, өзбек тілдерінде білім береді. Мектеп базасы соңғы замануи құралдармен жабдықталып, әр сынып интерактивті тақтамен қамтылған. Мектеп құрылтайшысы Низамхан Сүлейманов, мұның бәрі де ел болашағы жастар, өскелең ұрпақ үшін дейді.

Низамхан Сулайманов, құрылтайшы: «Бүгінгі таңда бұл мектебімізге 700-ге жуық оқушы келді. Оқушылар үшін барлық жағдай жасалды. Спорт алаңдары, слорт залы, қысқы бассайн, сыныптарының бәрі қазіргі заман талабына сай. жастарымыз жақсы білім алса дейміз, себебі олар Еліміздің, Қазақстанның болашағы. Сол үшін олар мықты білім алса, біздің де мемлекетіміз мықты болады».

Пайдалануға берілген әрбір білім ұясында лабороториялық сыныптар, кең спорт залы, асхана мен оқушылар үшін арнайы хауыз да бар. Одан бөлек алыста тұратын мектеп оқушыларын тегін тасмалдау үшін 10 автобус сатып алынған. Айта кетейік, мұндай заманауи мектептердің салынуына «Центр кредит банкі» «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қаражат бөлді.

Абзал Оналбеков, «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың ТО мен Шымкент қалалық филиалының директоры: «Бұл мектеп ұсыныс бойынша 2022 жылдың ақпан айында құрылтайшысы Низамхан ағай ұсыныспен келді. Бұл бірінші мектеп емес, бұл үшінші мектеп, тағы да 3 мектепті қаржыландырдық. Білім саласынан бастап, өнеркәсіп, медицина салаларын осы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қаржыландырамыз».

Инвесторлар есебінен салынған мектептер арқасында аймақтағы 3 ауысымды мектептер мәселесі толықтай шешімін тапты деуге болады. Енді білім ордалары 1 ауысымда білім беруге көшкен.

Лазиз Сулайманов, Шымкент қалалық мәслихат депутаты: «Мемлекеттің саясаты 3 ауысымдық мектептерді жойып, бір ауысымға ауыстырып, түстен кейінгі уақытта қосымша сабақтар беріп, білім сапасын көтеру үшін жасалған мемлектетің мүмкіншілігі бұл. Осы 4 мектептің арқасында ауданда 3 ауысымдық мектептердің мәселесі толығымен жойылып, енді 3 ауысымды мектеп болмайды. Ауданның 15 жылдан бергі мәселесі енді міне шешіліп отыр».

Айта кетейік, мектептің бастауыш сынып оқушыларына біркелкі, толықтай тегін мектеп формасы таратылды. Сондай-ақ инвесторлар тарапынан мектепті үздік оқыған оқушылар мен олимпиада жеңімпаздарына ай сайын қомақты стипендия беру қарастырылған.

Әсел Мәлік