Шымкентте екі ауданды байланыстыратын жаңа көпір салынып жатыр

24

Шымкентте Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпірдің құрылысы жүріп жатыр. Жеке инвестор есебінен салынып жатқан көпірдің ұзындығы 18 м, ал ені 5 м.

Қала басшысы Мұрат Әйтенов Базарқақпа ауылындағы құрылыс жұмысымен танысты. Бұл көпір Еңбекші ауданындағы №12 қалалық аурухана мен Қаратау ауданына қарасты орталық аурухана арасын байланыстырады. Жаңа нысан жол кептелісін мен жүктемесін азайтуға септігін тигізеді деп жоспарланған. Айта кетейік, Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы ағаш көпірі 1986 жылы салынған.