Сыбайлас жемқорлыққа барғандар 2,3 млрд. теңге шығын келтірген

35

Алаяқтардың әрекетінен азаматтарға келген шығын шілдеге қарағанда тамызда 117 млн. теңгеге жеткен. Көбі қаржы ұйымдары мен банктің атын жамылып, жымысқы әрекетін жүзеге асырады.

Мысалы осы аптаның өзінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екі қаржы пирамидасының жолын кесті. Бірі Алматыда мемлекеттік сатып алумен айналысамыз деп, азаматтарды инвестиция құюға шақырған. Оған 100-ге жуық адам қаржы салып үлгерген.

Шығыс Қазақстанда да осыған ұқсас жағдай анықталды. Жемқорлықтың салдарынан келген шығын да аз емес. Ұлттық статистика бюросының дерегіне үңілсек, өткен айда сыбайлас жемқорлыққа барғандар 2,3 млрд теңге шығын келтірді. Қызметін асыра пайдаланғандар 2 млрд теңгеге жуық қаржыны қалтаға баспақ болған.