Түркістан облысының 73%-ы сапалы интернетпен қамтылған

35

Түркістан облысында биыл 152 ауылды сапалы интернетпен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 51 елдімекенде жаңа базалық станция іске қосылды.

Ал облыс басшысы апталық жиналыс барысында қалған 101 ауылды жыл соңына дейін интернетпен қамтуға тапсырма берді. Сондай-ақ облыс аумағында 838 ауылдық елдімекен бар. Аудан, қала әкімдіктерінің талдау және анализдеу ақпаратына сәйкес 642 елдімекендегі 1 753 012 тұрғын сапалы интернетпен қамтылған. Бұл – жалпы тұрғындардың 73,7 пайызын құрайды.