Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

28

Елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша оның алдын ала шарттар мынадай: Ипотека мерзімі 20 жылға дейін, бастапқы жарна да кемінде 20 процент болуы керек.

Ал несие көлемі әртүрлі, Астана мен Алматыда 35 миллион, Ақтау, Атырау, Шымкентте 25, Қарағандыда 20, өзге өңірлерде 15 миллион теңгеге дейін. Егер осы шарттар арқылы кез-келген банктен 19 немесе 20 пайыздық мөлшерлемемен үй алсаңыз, оның 7 процентін мемлекет өтеп береді. Яғни, жаңа бағдарлама пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға арналып отыр. Оның қашаннан бастап іске асатыны әзірге айтылған жоқ.