13 қалада жалдамалы пәтердің бағасы төмендеді

33

Бір аптаның ішінде 13 қалада жалдамалы пәтердің бағасы төмендеді. Крыша.кз талдау қызметінің мәліметіне сәйкес, Ресеймен шекаралас аймақтарда жалдамалы пәтердің бағасы айтарлықтай түсті.

Соның ішінде Петропавл 15.2 пайыз, Қостанай 10 жарым процент, және Орал бар.Ал Қонаев пен Таразда, керісінше, көтерілді. Алматы облысының орталығында +25.0 процент, ал Жамбыл облысының орталығында 0.9 процентке өсті. Басқа қалаларда бағалардың төмендеуі байқалады. Алматыда 0,01 пайызға, Астанада 8, Шымкентте 1,2 пайызға және Түркістанда 0,6- пайызға баға төмендеген.