Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыздар…

36

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі анықталды. Мессенджерлерде тараған ақпаратқа қарағанда алаяқ өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесін көтеруге болатынын айтады екен.

«Қауіпсіздік мақсатында Сіздерден үшінші тұлғаларға ЖСН, төлем картасының нөмірін, қосымшаға кіруге арналған парольді, картаның CVV-кодын, картаның қолданылу мерзімін, код сөзді, құпия сұраққа жауапты, сондай-ақ СМС-кодтарды және басқа да дербес ақпаратты айтпауды сұраймыз. Күдікті сайттарда өзіңіз туралы ақпаратты қалдырмаңыз. Барлық қолма-қол ақшаны бір картада сақтамаңыз. Егер Желіде жиі сатып алумен айналыссаңыз, онлайн сатып алу сомасына белгіленген шектеулі лимиті бар бөлек картаны ашуды ұсынамыз», – деп хабарлады банктің клиенттерді қолдау қызметі.