Биыл жылыту маусымы 20 қазанда басталады

35

Шымкентте 2022-2023 жылғы жылыту маусымы 20 қазанда басталады. Қазіргі таңда қалада 15 жылу қазандығы мен 17 сорғы станциясы қысқа 100% дайын.

Олар әуелі аурухана, балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік маңызы бар ғимараттар жылумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне 1987 көпқабатты тұрғын үй қосылған. Биыл 19,4 шақырым жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, халық сапалы жылумен қамтылады.

Айта кетейік өткен жылы қала бойынша 1945 тұрғын үй мен 482 бюждеттің мекеме жылу жүйесіне қосылған еді.