ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Шымкентке іссапармен келді

Енді әлеуметтік қызмет алуға мұқтаж жандарға арнаулы тауар мен қызметтерді, сондай-ақ қызмет көрсету ұйымдарын таңдаумен қатар, әлеуметтік қызметкерлерді таңдау мүмкіндігі де беріледі. Бұл туралы үшінші мегаполиске іссапармен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Бұл елімізде алғаш рет қолға алынып отырған жоба. Негізінен ерекше күтімді қаждет ететін адамдарға қолайлы жағдай жасау үшін қолға алынып отыр. 

Министр алдымен қалалық «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының жұмысымен танысты. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдай жасалынған. Орталықта мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесіп, тұрғындарды мазалаған сауалдарын тыңдады.

Азаматтар тарапынан қоғамдық жұмыс, мүгедектер арбасының жаңаруы, мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызмет сапасы туралы сұрақтар жолданды. Министр ең өзекті мәселелер келер жылдың алғашқы тоқсанында шешілетінін айтты.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: «Мүгедек болатын азаматтарды да бір органнан екінші органға жүргізбестен, цифрлық технологиялық қолдану арқылы бір қағидатты тереземен емханаға барып, сол жерден қажетті ақпараттың барлығын сол емханадан алып отыратын болады. Басқа бір де бір органға бара алмайды. Бұрынғыдай әр мемлекеттік органға жүгінбестен, егер де әлеуметтік статусы тура келіп жатқан болса, мәселен, мүмкіндігі шектеулі азамат болатын болса немесе 1 жасқа дейінгі баласы бар отбасы болса немесе зейнеткер болса оның телефонына келеді хабарлама».

Мемлекет басшысының әлеуметтің әлеуетін көрету, инклюзивті білім беруді дамыту сынды тапсырмаларына сай Шымқалада бірқатар толымды істер атқарылуда. Оның бірқатары министр ханымға таныстырылды.