Сауран ауданында жол жаңартылып, бірнеше көше қиылысында бағдаршам орнатылды

Сауран ауданы Шорнақ елдімекеніндегі Б.Майлин көшесінің 1 шақырымы жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.

Ал аудан орталығындағы Т.Сүлейменов көшесіне, сондай-ақ, Алтынсарин, Т.Сүлейменов және Бабайқорған көшелерінің қиылысында көлік кептелісінің алдын алу мақсатында бағдаршам орнатылған.

Ал көлік құралдарының қозғалысын реттеу жұмысын мердігер «Astana smart pluse» ЖШС-і атқарған.