Шардара су қоймасына 550 мыңға жуық балық жіберіледі

130

Шардара суқоймасына 550 мыңға жуық майшабақ жіберіледі. Оның 500 мыңы сазан балығы.

Ал қалған 45 700-і біржазғы дөңмаңдай шабақтары. Бұл “Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін басқару, сақтауды және дамытуды қамтамасыз ету” бюджеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

Ал балықтарды өсіріп, табиғи ортаға жіберумен “ХАМИТ” балық шаруашылығы өндірістік кооперативі айналысады. Қазіргі таңда балықтарды суқойманың бекітілген 2 аймағына жіберу жоспарланған.