Қазақстанда студенттердің бастамасымен «EcoStudentKZ» челленджі қолға алынды.
Жоба үшінші мегаполистен бастау алды. Алғаш болып шымкенттік студенттер «Қошқар ата» өзенінің жағалауында қоқыс орындарын тазалап «Эко-плоггинг» өткізді.
Іс шараға қаладағы 8 жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Енді эстафетаны павлодарлық студенттер жалғастырып, қаланың саябақ және басқа да алаңдарын қоқыстан тазартады.
Айта кетейік, челендж Шымкенттен бөлек еліміздің 6 қаласында жалғасады.