Шымкентте республикалық «Мың жүйрік» ағартушылық жобасының жеңімпаздары марапатталды. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың қолдауымен ұйымдастырылған байқау биыл екінші рет өткізіліп жатыр. Сайыс шарты бойынша, 530 дан астам бала мемлекеттік тілде өлең не ертегі оқып, видео түсірген. Оның 10-ы жеңімпаз атанып, арнайы сыйлыққа ие болды.
11 жастағы Бекнұр Кесікқұлов мемлекеттік тілде өлең оқып, видео түсіргені үшін велосипед жеңіп алды. Мың жүйріктен суырылып шын жүйрік атанған оқушы үшінші мегаполиске Алматы облысынан Есік қаласынан келген. Ол мұндай жүлдені алғаш рет алып отырмын дейді.
«Мен өте күшті сезімдемін. Мың жүйрік сайысын ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Және де менің анама мені қатыстырғаны үшін көп-көп рақмет»,-дейді Бекнұр Кесікқұлов.
Жоба шарты бойынша түрлі этнос өкілдері мемлекеттік тілде өлең немесе ертегі оқып өзін таспаға түсіруі қажет. Әрі ақын-жазушылардың да өмірін айтып беруіне болады. Қазылар алқасы еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан 530-дан астам баланың ішінен жеңімпазды анықтады. Қорытындыға сай 10 оқушы шын жүйрік атанып, жүлдеге ие болды.
Зәуре Оралбаева, қазылар алқасының төрайымы: «Республиканың түкпір-түкпірінен осы байқауға қатысса, мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенімізді білдірсек, осы тек қана өлең жолымен немесе тақпақпен ғана емес, өз сөзімен айтса. Ол жерде бірнеше бағыт болды. Мысалы, тұлғалар туралы бағыт. Қазақ ертегілері туралы. Немесе біздің ағартушылармыздың өмірінен үзінділер оқып ақын-жазушыларымызбен таныстырған балалар болды. Бұл байқау, яғни бұл жоба өзінің қажет екенін осымен екінші жыл дәлелдеп келеді».
Жалпы Республикалық «Мың жүйрік» ағартушылық жобасы биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сайыс қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтеді әрі балалардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттырады.
Азиза Исаева, Шымкент қалалық Қоғамдық келісім мекемесінің көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы: «Мың жүйрік жобасы «Қазақтану жобасы аясында өткізіліп отыр. Мұндағы басты мақсатымыз қазақ мемлекетінде тұратын өзге этнос өкілдерінің қазақ тіліне деген құлшысынын арттыру, әсіресе балалар арасында. Бұл байқау 5-12 жас арасындағы балалар арасында өтті. Әсіресе бұл жерде басымдылық танытқан басқа облыстар. СҚО, Орал, БҚО, Ақтөбе өңірлерінен өте көп балалар қатысты. Бұның өзі біздің тіліміздің дамуына мүмкіндік береді».
Мемлеет басшысы мемлекеттік тілді дамытуға басымдық беру туралы тапсырмасына сай бүгінде Шымкентте осы бағыттағы түрлі іс-шаралар жалғасын табуда. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, оны балалар арасында қолданылуын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырған шара алдағы уақытта өз жалғасын табады. Бұл жоба өміршең болуы керек деген ұлт жанашырлары келер жылы қатысушылар саны бұдан да көп болады деп үміттенеді.