Ұлт саулығына үлес қосатын жоба

40

Мемлекет басшысының тұрғындарға қолайлы жағдай жасау туралы тапсырмасы табысты жүзеге асырылып келеді. Бүгінде Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің аулалары жаңа кейіпке еніп, күн сайын абаттандырылған аулалар мен балалар ойын алаңшаларының саны артып келеді. Тіпті ширек ғасырға жуық ауласы абаттандырылмаған көпқабатты  үйлердің тұрғындары қала әкімдігіне алғыстарын жаудырып отыр. 

Шымкентте заманауи үлгідегі спорт және балалар ойын алаңшасы салынып, ескілері қайтадан жаңғыртылуда. Қала басшысы  Әл — Фараби ауданына қарасты Түркістан көшесін бойлай  орналасқан көп қабатты үйлер көп. Осы үйлердің аулаларына  жаттығу элементтері мен балаларға арналған ойын алаңдары салынып, ел игілігіне берілгеніне де біраз уақыт өтті. 

Әл-Фараби алаңы және Түркістан көшесіндегі көп қабатты үй ауласындағы спорт алаңшасын жөндеу жұмыстары жоғары деңгейде орындалған. Сапалы құрылыс материалдарымен салынған жұмысқа тұрғындар дән риза. Әрі  ойын алаңшасындағы ойын элементтері де балалардың көңілінен шыққан. Бұқаралық спортты дамыту да бүгінде қала басшысының басты назарында тұр.  Бұқаралық спортты дамытумен ұлт саулығын нығайта түсері анық. Ол үшін баралдағы уақытта аулалар дамытыла бермек.

Аулаларда түрлі жастағы балаларға лайықты ойын элементтерімен қоса шағын футбол алаңшасы да ашылды. Бұл өз кезегінде балалардың арнайы жаттығу залдарына барып, қаржы шығындауына жол бермейді. Бұған тұрғындар бек қуанышты. Өз аулаларының таза болып, абаттандырылығанына алғыстарын жаудырып отыр. Алдағы уақытта Шымкент қаласында ауласы абаттандырылмаған тұрғын үйлер саны кемімек. Одан бөлек, шалғай шетте орналасқан шағынаудандарға дейін ойын алаңшалары орнатылуда. 

Айта кетейік, көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшалары «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде орнатылуда.