“Бал текстиль” кәсіпорны жаңа жобасын жүзеге асырмақ

24

Шымкенттік ірі кілем зауыты тағы бір жаңа жобасын жүзеге асырмақ. Онда жаңа 40 жұмыс орны ашылады.

Негізгі кәсіпорын 2013 жылдың қазан айында іске қосылды. Ал 2015 жылы компанияда синтетикалық жіп өндіру бойынша екінші жоба іске асты. Қазіргі таңда өндіріс орнының қуаттылығы жылына 7 млн шаршы метр кілем бұйымдарын және 4 мың тонна синтетикалық иірілген жіп шығарады. Бұл «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан фабрика Қазақстандағы ірі кілем және кілем өнімдерінің өндіріс орны.

Осы фабрикаларға құйылған инвестицияның жалпы құны 11,25 млрд теңгені құрайды. Жергілікті кәсіпорынның өнімі елімізден бөлек Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанға экспортталады.