Úı ANONS Футболдан Әлем Чемпионатының басталуына екі күн қалды

Футболдан Әлем Чемпионатының басталуына екі күн қалды

Облыстық футбол мектебінде жеткіншектерді дұрыс дайындау үшін мамандар біліктілігін қайта шыңдауда

Футболдан Әлем чемпионаты өтетін Қатардағы екі халықаралық әуежай күніне 900-ден астам ұшақ қабылдауға дайын. Қажет болса, терминалдар қосымша рейстерді де қосуға әзір. Ал кеше Хамад халықаралық әуежайында чемпионат меймандарына ойын-сауық бағдарламасын ұсынатын арнайы аймақ ашылды.

Шараға FIFA президенті Джанни Инфантино барған. Жалпы, дүниежүзілік доп додасын тамашалау үшін Қатарға 1 млн 200 мыңдай жанкүйер бармақ. Бұл чемпионатты Ұлттық арна мен «Qazsport» арнасы тікелей эфирде таратады.