Ипотека: «7-20-25» бағдарламасы жалғасады

30
баспана кезек
Баспанаға құжат тапсыру
Қазақстанда арзан ипотекамен үй алуға мүмкіндік беретін «7-20-25» бағдарламасы жалғасады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы «7-20-25″ бағдарламасын жалғастыру жөнінде тапсырма берді. Бұл президенттің сайлауалды бағдарламасында айтылған», – деді Дауылбаев сенат кулуарында.
1Бағдарламаға қосымша қаржы бөліне ме1 деген сұраққа вице-министр жауап бермеді. Бұл туралы толығырақ Ұлттық банктен білуге болатынын нақтылады.
Бұған дейін «7-20-25» бағдарламасы 1 трлн теңге мөлшеріндегі ақшалай лимит толығымен игерілгеннен кейін жабылатыны хабарланған еді. 27 қазандағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 745,5 млрд теңгеден астам кредит берілді. Әлі игерілмеген 250 млрд. теңгеден астам ақша бар.