Президентті ұлықтау рәсіміне бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді

25
Қасым-Жомарт Тоқаев

Жаңадан сайланған президенттің ұлықтау рәсіміне бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. Бұл туралы Вице-Премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

«Президенттің ұлықтауына біз бюджеттен қосымша қаражат бөлген жоқпыз. Өздеріңіз білетіндей, ол президенттің ресми түрде Конституциялық заң бойынша президент лауазымына өтуіне байланысты ант беруі. Оған көп қаражат кетеді деп ойлаймын. Сондықтан, оған біздің тарапымыздан көп қаражат бөлінбейді», – деді Жамаубаев үкімет кулуарында.
Кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді.
Сайлау қорытындысы бойынша Қ. Тоқаев сайлаушылардың 81,31% дауысын жинады. Ол үшін 6 456 392 адам дауыс берген. Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті ретінде тіркеді.