Қазақстанда газ тапшылығы туындауы мүмкін

33

Бір жылдан соң Қазақстанда газ тапшылығы туындауы мүмкін. Энергетика министрлігінің өкілдері осындай болжам жасады.

Мамандар мұнай-газ химиясы, электр энергетикасы мен өнеркәсіп саласына қатысты жобалардың іске қосылуы 2024 жылдан бастап газ тапшылығының пайда болуына әсер ететінін айтады. Осыған байланысты көгілдір отынды импорттау мәселесі өзекті болып тұр.

Ведомство қосымша ресурс қажет болған жағдайда, Ресей мен Түрікменстаннан сатып алуға болатынын жеткізді. Алайда қазіргі тұтыну деңгейі өзгермесе, тауарлық газдың қолда бар қоры халықтың сұранысын 2030 жылға дейін жабуға жетеді,- деп есептейді министрлік өкілдері.