Студенттер оқу ақысын төлеуге жеңілдетілген несие рәсімдеуге мүмкіндік алады

81

Студенттер оқу ақысын төлеу үшін қашаннан бастап жеңілдетілген несие рәсімдей алатыны белгілі болды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, қазір қаржыландыру және несие алу моделі қайта қаралып жатыр.

Мөлшерлемесі 2-3 проценттік қарызды екінші деңгейлі банктер береді. Оны студент қыз-жігіттер келесі жылдан бастап рәсімдей алады. Несие тек оқу ақысын төлеу мақсатында беріледі. Сондықтан, бұл білімге қолжетімділікті арттыра түседі, деді министр.