«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: Тағы бір алаяқтық жайты ашылды

23

“Жүргізуші куәлігін алып беремін”. Осылай деп сендірген азамат танысын сан соқтырып кетті.

Түркістан қалалық полиция басқармасына арызданған ер адамның айтуынша, танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп 160 000 теңге алған. Алайда не жүргізуші куәлігін алып бермей, не ақшасын қайтармай ізін суытқан.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. Күдіктінің жеке басы анықталып, бірден басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.