2023 жыл: Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі тағы көтеріледі

223

Зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі тағы көтеріледі

БЖЗҚ зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың 2023 жылға белгіленген ең төменгі жеткілікті шегін жариялады.
Жеткілікті шектің жаңа мөлшері 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады. Ол жас мөлшеріне байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейінгі соманы құрап отыр.
Айта кетері, қазақстандықтар зейнет жинағының артылған бөлігін баспана алуға, ипотеканы өтеуге және емделуге жұмсай алады.

2023 жылға ең төменгі жалақы 70 мың теңгені, ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгені, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды деп көзделген. Шекті мәндерді есептеу кезінде ескерілетін басқа да әлеуметтік маңызды көрсеткіштердің де мөлшері көтерілді», – делінген хабарламада.