Биыл Бозарық шағынауданында 9 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы басталды

104

Шаһар басшысы қаладағы бірқатар құрылыс алаңын аралады. Соның бірі Бозарық шағынауданындағы тұрғын үй құрылысы.

Жазда салынып бастаған үйлердің жер аумағы 3,5 гектарды құрайды. Барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Қазір көпқабатты тұрғын үйлердің жоғарғы қабат кірпіші қалануда. Сонымен қатар нысандар 1,2 деңгейге әзірленіп, электр желісі, сантехникалық құбырлар мен терезесін орналастырып жатыр.

Биыл аймақта 9 000 шаршы метр тұрғын үй салынып жатса,келер жылы 24 300 шаршы метрді құрайтын баспана тұрғызылады деп жоспарланған.