Биыл Шымкентте газбен қамту көрсеткіші 94,7 пайызға жетеді

32

Бүгінде Шымкенттегі 81 елді мекеннің 42-сінде табиғи газ толық жүргізілген, 31-і жартылай, ал 8 елдімекен мүлде қамтылмаған. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл 15 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда, Сәуле, Ақтас магистралды желілері мен Батыс, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Тұран елді мекендерінде жұмыстар аяқталып, 34 мыңнан астам адам табиғи газ көзіне қосылуға мүмкіндік алды.

Жыл қорытындысымен Шымкент қаласында табиғи газбен қамту көрсеткіші 94,7%-ды болады деп жоспарлануда. Бекітілген жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындарын 2025 жылы 100% табиғи газбен қамтамасыз етіледі.