Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет байланысқа жұмсайтын ақшасы екі жылдан бері өзгермегенін мәлімдеді. Бүгін сенат отырысынан кейінгі брифингте журналистер министрден интернеттің сапасы мен бағасы туралы сұрады. Сосын өзі қай тарифпен жүргенін нақтылады.
Мусин Beeline-нің мобильді интернетін қолданатынын айтты. Оны бағасы екі жылдан бері өзгермеген.
«Мен 2020 жылда қанша ақша жұмсадым, қазір де солай төлеймін, интернет байланысқа кететін шығындарым бірдей қалды. Мен өзім Beeline қолданамын», — деді Мусин.
Министр үйде интернет арқылы теледидар да көретінін жеткізді.
«Мысалы, ҚазСпортқа ТВ+ арқылы шығып, балам екеуіміз футболдан әлем чемпионатын қарап жатырмыз. Ол жерде олқылықтар жоқ, 90 минут көрдік, ешқандай проблема болмады. Бірақ кей кезде бір файлды жүктегенде баяу жылдамдық байқалады», — деп атап көрсетті Мусин.