Шымкенттегі Izumу сауда желісіне Carducci, Simoni, Giovane gentile, Enrico Marinelli, Silvio totti және Gauche сынды танымал еуропалық брендтердің өкілдері келді. Олар киім дүкенінің қызметкерлерімен кездесіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Ал Izumу басшылығы серіктестеріне ізгі ілтипат белгісі ретінде қазақи шапандарын сыйға тартты.
Izumy ірі сауда желісі өз тұтынушыларын Жаңа жылмен құттықтап, үлкен жеңілдіктерді пайдалануға шақырады. Элиталық киім және аяқ киім дүкені 20 жылдан астам танымал еуропалық брендтермен бірлесе жұмыс істейді. Изуми қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру үшін Шымкентке Carducci, Simoni, Giovane gentile, Enrico Marinelli, Silvio totti және Gauche брендінің өкілдері келді. Оларға алғыс белгісі ретінде дүкен иесі қазақы шапанды тарту етті.
Ирина Бычкова, Izumy сауда желісінің қаржылық директоры: «Izumy сауда желісінде қуанышты оқиға орын алуда. 20 жылдық мерей тойымызға орай серіктестердің барлығы келді. Олар тек Қазақстанда ғана емес, Африка, Америка мен Еуропада және барлық әлем елдеріне танымал Simoni, Carducci, Giovane gentile, Enrico Marinelli сияқты үздік компаниялар. Олар бізге биылғы трендтер мен түстер, жаңа топтаманың қандай болатынын айтып, мол мәлімет берді. Тағы да жаңа, ерекше топтаманы асыға күтеміз. Сонымен қатар, керемет жеңілдіктер жүріп жатыр. Біздің Нұрсаттағы дүкенімізге келіңіздер, күтеміз! Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз. Сіздерге қызмет көрсетуге қашанда дайынбыз»
Әмірәлі Ералиев, Izumy сауда желісінің құрылтайшысы: «Izumy сауда желісінің атынан барша Қазақстандықтар мен Шымкент тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Сізге жақсылық, денсаулық, мол махаббат пен табыс тілеймін»
Белгілі дизайнерлер шымкенттіктерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жаңа топтамасымен таныстырды. Олар қазақ халқының қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, елімізге тыныштық, шарықтап даму мен амандық тіледі.
Булент Дегер, Gauche компаниясының топ-менеджері: «Жаңа жыл құтты болсын!»
Огур Оғуз, Carducci мен Simoni фабрикасының топ-менеджері: «Шымкенттіктер жаңа жылдарыңызбен, табыс тілеймін»
Махмуд Унал, Enrico Marinelli компаниясының құрылтайшысы «Жаңа жыл қуаныш, шаттық, бақыт алып келсін. Сіздерді Изумиде күтеміз»
Жамал Сеноглу, Giovane gentile компаниясының құрылтайшысы: «Жаңа жылдарыңызбен! Жаңа жыл тек сәттілік алып келсін»
Зафар Йылмаз, Silvio totti компаниясының құрылтайшысы: «Сіздерге мол бақыт пен көп ақша тілеймін. Шымкент қаласының тұрғындарын Жаңа жылымен құттықтаймын»
Илхан Байрак, Carducci и Simoni компаниясының құрылтайшысы: «Шымкент тұрғындары сіздерді мерекемен құттықтаймын!»
Izumy-дегі барлық брендтер тек эксклюзивті заттарды шығарады. Ірі сауда желісінде киім-кешек, аяқ киім және аксессуардың сан түрі ұсынылған. Мінсіз келбет, қайталанбас стиль және сапалы киімді — тек Изумиден кездестіре аласыз!
Мекен жайы: Izumy сауда орталығы, Бәйдібек би даңғылы, 53