Белгілі Италияндық Enrico Marinelli бренді жаңа топтамасын ұсынады

42

Изуми сауда желісі ерлерге арналған ең стильді, ыңғайлы әрі сәнді киімдерді ұсынады. Италияндық Enrico Marinelli бренді ерлер киімінің топтамасын жаңартты. Айта кетейік, Изуми сауда желісі қаламыздың ең талғампаз тұтынушыларының да көңілінен шығатыны анық. Мұнда мереке қарсаңында сатып алушыларды акциялар, жеңілдіктер мен тамаша мүмкіндіктер күтеді.


Қала тұрғыны Алмас Кенжебаев өзінің қысқы гардеробын жаңартуға арнайы Изумиге келді. Оның таңдауы танымал италияндық бренд Enrico Marinelli-ге түсті. Тұрақты тұтынушының айтуынша, Изумидегі сәнді ерлер киімі барлық жағдайға өте ыңғайлы. Ал тәжірибелі көмекшілер тұтынушыға сәнді сырт киімдерді таңдауға көмектесті.

Алмас Кенжебаев, Шымкент қаласының тұрғыны: «Мен бұл дүкенге тұрақты түрде келіп тұрамын. Бұл дүкеннің киімдері өте сапалы сондықтан да осы брендті таңдаймын. Киімнің кең таңдауы бар. Маған Изуми қатты ұнайды».

Enrico Marinelli – сәнді ерлер киімдерінің кең ассортиментін ұсынатын италияндық бренд. Танымал брендтің киімдері кез келген кешке тамаша үйлеседі, сонымен қатар өте сапалы.

Enrico Marinelli-де классикалық костюмдердің кең таңдауымен қатар, тұтынушыларға қыстық күртелер, шалбарлар, кеудешелер, футболкалар мен джинсылардың сан түрін ұсынады. Жаңа топтамада галстук, манжеттер, қолғап, белдіктер, сөмке мен шұлықтар да бар. Танымал брендтің негізін қалаушы Махмуд Уналдың айтуынша, киімнің басым бөлігі қолдан тігіледі.


Махмуд Унал, Enrico Marinelli компаниясының құрылтайшысы: «Шымкенттіктерге қысқы топтамамызды алып келдік. Биылғы тренд – сұр мен қою қызғылт түстер. Осы комбинациядағы барлық киімдер Шымкентке жеткізілді. Шымкенттің ер азаматтары өте әдемі және сәнді киім киюі үшін біз сізді Изумиде күтеміз. Біздің киімдердің барлығы италияндық стильде тігілген. Біз қолданатын барлық маталар, жіптер, материалдар өте сапалы және табиғи. Сондықтан киімдеріміз жеңіл және ыңғайлы, денсаулыққа да пайдалы».

Классика, жайлылық пен сапа – бұл италияндық дүкеннің басты ерекшелігі. Компания өкілдері жыл сайын Шымкентке арнайы келіп, сауда желісі қызметкерлеріне сәнді киім үлгісін жасақтауды үйретеді.

Севара Ерметова, Izumy сауда орталығының менеджері: «Біз сіздерді сауда орталығымызда қарсы алуға дайынбыз. Бізге қонаққа танымал түрік брендтерінің негізін салушылар Махмут Бей мен Жамал Бей келді. Enrico Marinelli киім бренді қаламыздағы ер кісілері арасында өте танымал. Ал мерекенің құрметіне Изумиде 30 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырып жатырмыз».

Enrico Marinelli-дің стильді, жоғары сапалы және брендтік киімдерін Izumy сауда желісінен таба аласыз. Келушілер мен қонақтарды мерекелек үлкен жеңілдіктер күтеді.