Келес ауданында «Келес су» мекемесі құрылады

101

Түркістан облысы, Келес ауданында ауыз су жүйесі мәселесін толыққанды шешу мақсатында «Келес су» мекемесі құрылады. Сондай-ақ жыл соңына дейін іске қосылатын коммуналдық кәсіпорында жергілікті тұрғындар арасынан кәсіби мамандар жұмысқа тартылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, ауданға қарасты Ұшқын елді мекеніндегі Достық және Ырысты көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Келесі жылы Достық және Қоралас елді мекендері табиғи газбен қамтылады деп күтілуде.