Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

19
Қасым-Жомарт Тоқаев

Келесі аптаның басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.

«12 желтоқсанда мемлекет басшысының төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр.