Сарыағашта 559 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

126

Биыл Сарыағашта ауыл шаруашылығы саласы бойынша 71 мың га егістік жер игерілді. Жиым терім науқанында 559 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды.

Шаруалардың еңбегінің нәтижесінде жыл басынан бері 122,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім  107,8% – ға жеткен. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласына 5,9 млрд. теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар, ауданда жаңадан 35 га жылыжай салынып, одан екі айналым бойынша 98,7 мың тонна өнім жиналған. Шаруалар осы жалдан бастап жылыжайларда өндірілетін өнім көлемін әртараптандыру мақсатында лимон, құлпынай, баялды, кабачок, гүл өсіруді қолға алды.

Оған қоса «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасының арқасында өнімі көлемі ұлғайып,  осы бағдарлама негізінде жалпы  92 мың тонна өнім жинап алынды. Сарыағаштық дихандар Астана, Алматы, Түркістан қаласында өткен ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне 17 рет қатысты. Онда 257 тоннаға жуық өнім нарықтық бағадан 10-15 % төмен бағада саудаланды.