Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шырша мен қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, сатудың алдын алу мақсатында «Шырша» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.
Басты мақсат – жас қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, жинау, тасымалдау және сатуды анықтау.
Аталған акция аясында, Жергілікті полиция қызметі басқармасының Табиғатты қорғау тобының инспекторлары қала аумағындағы шырша сататын сауда нүктелеріне тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айта өтетін ақпарат, тәртіп сақшылары қала тұрғындарын жоғарыда көрсетілген заңсыз әрекеттер (жайттар) анықталған жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.
Сондай-ақ, миллионды қала – Шымкентте «Шырша» іс-шарасы 31-желтоқсанға дейін жалғасады.