Түркістан облысында биыл «Балалар жылына» орай 2 165 мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Оған өңірдегі 200 мыңнан аса оқушы қатысты.
Балаларды тегін үйірмемен қамту мақсатында artsport.edu.kz платформасы іске қосылды. Нәтижесінде 145 шығармашылық үйірме ашылып, 7 487 бала түрлі өнер түрімен шұғылдануға мүмкіндік алды.
«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні»қарсаңында Түркістанда «Балтаңдай» және Арыс қаласында «Балдәурен-2022» облыстық ән байқауы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жыл қорытындысымен музейлерге 106 567 оқушы тегін кірсе, театрландырылған ертегі, қойылымдарды 2 717 бала ақысыз тамашалады.