Шымкентте «Балалар жылы» қорытындыланды. Осыған орай қаладағы көрме орталығында «Үздіктер шеруі-2022» ғылыми -практикалық форумы өтті. Онда үздік жобалар желісі аясында бүкіләлемдік білім бәсекесінде топ жарған, халықаралық және республикалық дейгейде жоғары нәтижеге ие болған ұлағатты ұстаздар марапатталды. Жыл үздіктерін қала басшысы Мұрат Әйтенов құттықтады.
Педагогика саласында елеулі еңбек етіп, ел назарында жүрген үздіктер анықталған шеруде, ұзақ жылдар бойы білім саласының дамуына және өркендеуіне үлес қосқан, оқыту жүйесін үйлестірудегі елеулі еңбегі үшін Айжан Бершімбаева мен Алмаш Нарымбетовалар «Еңбек ардагері» төсбелгісіне ие болды.
Ал қаламыздағы Балалар көркем сурет мектебінің директоры Тояш Оразова мен №23 мектеп-лицей мұғалімі Әдиса Мүсірәлиеваға «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі табыс етілді. Ерекше марапатқа ие болғандар қатарында Ер балаларға арналған №1 лицей- интернатының биология пәні мұғалімі, «Адам генетикасы» электронды оқулығының авторы Нұрлан Сүйеуов те бар.
Бұл жиында «Үздік робототехник -2022» халықаралық байқауына қатысып, жеңімпаз атанып ел намысын қорғаған дарынды жастарға да құрмет көрсетілді. Олардың қатарында Оқушылар сарайындағы Робопарк үйірмесінің жетекшісі Абзал Әлібеков.
Абзал Әлібеков, «Үздік-Роботехника-2022″ Халықаралық байқауының жеңімпазы:» «Германиядағы Дортмунд қаласында өткен әлемдік Робототехника байқауында 70 мемлекет арасында оқушыларымыз 2 орынды жеңіп алды. Ынталы, жаңашылдыққа құштар балалар көп қазір. Тек оларға бағдар беру керек»
Кіл мықтылардың еңбегі паш етілген жиында «Ең үздік ғылыми жоба мектебі» атағын №1 мамандандырылған !Т лицей-интернаты иемденді. Мұнда оқушылар жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиададан және ғылыми жоба жарыстарынан үнемі жоғары көрсеткішке қол жеткізіп келеді. Қаланың бас педагогы жайлы мектеп ұлттық жобасы жүзеге асса үшінші мегаполисте үздік ұстаз, оқушылардың қатары толығады дейді.
Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы: «38 мың педагог бүгінде шымкенттік мектептерде білім береді. Мемлекет тарапынан қолдау да жақсы, жалалқылары 25 пайызға көтерілді. Педагог мәртебесі жылдан жылға артып келеді».
Айта кетейік, білім саласында мінсіз қызмет атқарып, өскелең ұрпаққа тәлім берудің озық үлгісін көрсеткен үздік ұстаздардың еңбегін насихаттау мақсатында өткізілген форумға Ардагер ұстаздар, мектеп басшылары, «Үздік жоба» жеңімпаздары сонымен қатар халықаралық, Республикалық байқау жеңімпаздары арнайы шақырылған.