81 млрд. қаржы игерілмеген

43

Теңгенің құнсыздануы жалғасуда. 2022 жылдың қортындысы бойынша инфляция 20,3 деңгейі пайызға жеткен. Ұлттық банктің мәліметінше, өсім, әсіресе азық-түлік инфляциясында байқалады. Дегенмен жағдай наурыз айынан бастап жақсарады дейді,- Үкімет басшысы. Министрдің сөзінше, жыл соңында бұл көрсеткішті 9,5 пайызға жеткіземіз деген жоспар бар.

Үкімет отырысының күн тәртібінде өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің игерілу барысы талқыланды. Ұлттық экономика министрілігі барлық салада өсім едәуір артқандығын мәлімдеді. Тек көмір және металл, газ, мұнай өндірісі төмендеген. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру былтырмен салыстырғанда 8,8 пайызға кем. Ал қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджеттің 81 миллиард теңгесі игерусіз қалғанын айтты.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі: «2022 жылдың қорытындысы бойынша 81 млрд. теңге игерілмеген 99 пайыздан төменгі көрсеткіш Сауда жане интеграция, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш, Төтенше жағдайлар, Мәдениет және спорт министрліктеріне тиесілі. Олардың басым бөлігі бойынша келісімшарттары бұзылған, мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстардың  ұзақ өтуі … мерзімі…»

Халықтың шамадан тыс несие алуы да үкіметте жіті қаралды. Оны төмендету бойынша президенттің тапсырмасы да бар. Былтыр  11 айда 7.6 трлн тұтынушылық қарыз алған. 6 млн 868 мың адамның берешегі бар» дейді Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова.

Банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие алып қарызға белшесінен батқан адамдарға қолдау көрсету мақсатында жауапты ведомстволар ұсыныстар дайындапты.Олардың бірі «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы қабылданды.

Бұл мәселе үкіметтің қадағалауында болады. және заң 3 наурызда өз күшіне енеді. Заң кредитін төлей алмай қиындықтарға тап болған азаматтарға айтарылқтай көмек болады деп сендірді үкімет басшысы.