Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда айналымы 700 млн. долларға жуықтады

26

Былтыр Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда айналымы 5,8 пайызға өсіп, 700 млн долларға жуықтады.

Енді екі тарап IT және жасыл технологиялар саласын дамыту бойынша ынтымақтастықты күшейтпек. Әсіресе мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, платформаларды жасап шығару, халықаралық алаңдарда тәжірибе алмасуға мүдделі. Қазандағы жоғары технологиялар бойынша IT паркі, Ресейдегі іргелі мекемелердің бірі. Заманауи технологиялар бойынша алда келе жатқан IT парк мамандары, Қазақстанмен бірлескен жобалардың санын арттырсақ деп отыр.

Алексей Таранов, Стартаптарды дамыту және инвестициялар жөніндегі сарапшы: «Қазақстанда IT саласын дамытуға барлық жағдай жасалған. Оған өзімнің көзім жетті. Әсіресе, заңнамалық тұрғыда мемлекет стартап жобаларға қолдау көрсетіп жатқаны қуантады. Біз қазақстандық әріптестермен үнемі байланыстамыз, ұқсас тұстарымыз көп. Сондықтан бірлесе жұмыс істесек, өмірге қажетті, қоғамға пайдалы жобаларды үзеге асырамыз».