Қазығұрттық кәсіпкер аяқ киім өндіріп жатыр

120

Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылы округінде жеке кәсіпкер Шыңғыс Мейірқұлов эко теріден аяқ киім тігетін “Qazygurt shoes” кішігірім фабрикасын ашқан.

Ересек адамдарға әртүрлі мезгілге арналған аяқ киім өнімін шығаратын кәсіпкер Ұлттық жоба аясында берілетін қайтарымсыз грант алып өз кәсібін бастағанын айтады. Күніне 5-6 аяқ киімге дейін тігетін болса, шыққан өнімді ғаламтордағы дүкендер арқылы сатып жатыр екен. Қазірге қол астында жұмысшылары жоқ. Дегенмен алдағы уақытта әрі қарай кәсібін кеңейтуді көздейді.